Литмир - Электронная Библиотека

отырамын. Бір-біріміздің қызығымызды көрдік қой. Айып менен

болса, сен алып бергенімнен бірдеңе көрерсің. Сен перзентті

болсаң, мен тірлігімде соны көрсем деймін.Екеуміз де арманда

болып өтпейік те! Осыған сен келіссейші!-дейді. Сонымен, келіседі.

Пәлен жыл отасқан жолдасына үстіндегі ақ ордасы киіз үйін-

шаңырағын, үй мүлкін түгелдей,екі сиырын қоса беріп, анасымен

бөлек шығарады.

Енді жаңағы еріне айтып көндірген

әйелі ше? Ол әйелі күйеуін көндірмей тұрып-ақ, елде ер жетіп

қалған, әке-шешесі қайтқан, ағайынның қолында жүрген қызбен де

сөйлесіп қойған екен.Қазақта қыздың ер жеткенін қалпақпен жібіріп

ұрғанда, құламаса, ерге ие болады-мыс деген бар емес пе. Ол қыз

қалпаққа құлаудан кеткен кезі екен. Бірақ, бүлдіршіндей жас. Өмір өз

білгенін істетейін деп тұр емес пе!

Бір жас пен бір мосқал тартқан ел ағасы болып қалған екеуін

қосады. Ешқандай зорлау жоқ.. Балыққа қармақ салуға барып, көріп

жүрген қыз деп отырғаным – қосылған жас жұбайлар екен.

Қыз болса, тұп-тұнық таза судағы жүзіп жүрген шабақтар

сияқты да, қармаққа түсіріп отырған мен сияқты кісі-мұртты қара

6

мосқал тартқан жігіт. Өмірдің өз жолы бар, одан асып кете алмайсыз.

Назырқанбаңыз. Алладан ақырын сұраңыз, оқушым!

Мұртты қара жап-жақсы адам. Кім болса да, жақсыны, өзіне

қалағанын алады екен ғой Сол қара мұртты өкпе

ауруымен(туберкулез) ауырады екен.Мына жағдай жанын қоя ма,

оқушым-ау! Кім біледі?! Орыстар «Медовый месяц» дейді, алғашқы

«Тәтті күндер, тәтті күндер!»-деп айтылатын ән-өлең сияқты ұзақ

өмірі жоқ екен, мұртты қара дүние салады. Кім білсін, өзі ғана біледі,

арманы бар ма, жоқ па!

Жаңағы жас жесір ше ? Өң бе, түс пе?! Не деуге болады? Ненің

қызығын көрді? Аң-таң. Сонымен, бұл жесірді қоя тұрып, қара

мұрттының бұрынғы алтын қосағына келейік.

Қара мұрттының перзент сүйген қызығын көремін деп жүргенде,

оның қазасына қайғырып, ортақ болды. Арада уқыт өтіп жатады.

Қазақ даласында түрлі тарихи жағдайлар өтіп жатқан кездер: жатқан

ылаң-конфискация, колхоздасу, ашаршылық, бас көтереді-ау

дегендерді жою-«Жаппай тазарту»-«Халық жауын» соттау т.б. Бұл

кезде өлгені өліп, қалғаны мәңгүрт те болып қалған кез.

Қарт анасымен қалған ару өлмес күнін өткізіп жатқан кезінде,

әйелі өліп, отанына еге таба алмай, өз қызы, ағасының ұл-қызы бар

бір кісі сөз салып, сонымен қосылады. Жақсы адамға қайда барса да

жай табылады. Отасып, шүйіркелесіп отыра береді.Сүйтіп жүргенде,

жер дүниені от алдырған Ұлы Отан Соғысы басталып кетеді. Халық

тағы күйзеле бастайды. Сол қиыншылықты бұлар да бастан кешіріп

жатады.Сол жылдары елде тарығушылар да болды.Сондай

тарыққан бір жас әйел елде жалданып, күнін өткізіп жүреді. Баста кең

пейілді, қызғануды білмейтін жаңағы қара мұрттының әйелі басқа

біреуге қосылды емес пе? Сол тағы да мына шалына, өзі тумайтын

болған соң, жалданып жүрген жас әйелмен сөйлеседі де, уәдесін

алады.

Енді өз шалына келеді.

- Әй, анау ше? Кешегі осы үйде диірмен тартып кетіп еді ғой. – Не

айтпақшысың? – дейді шалы. – Соны алсайшы. Жас қой. Нәресте

көрер ме екенбіз. Ол бірге отыруға көнді. Сен енді анау – мынауды

қой, соны ал, - дейді. Не керек, шалын бұлтартқызбай көндіреді.

Қартайған өз анасы ертеректе дүние салған, оны өз жобаларымен

жайғастырып, жылын да өткізген шалымен бірігіп жүріп. Өз қызы

тұрмысқа шыққан. Ағасының қызы дүние салған, ағасынан қалған

інісі оқуда.

Сонымен, үшеуі бір отанда тұрып жата береді. Соғыс жылдары.

Бұлар қартаң тартқан кез. Әйел алып беріп отырған шалы да

алпысты игерген кезі. Малдан бір сиыр, бір ешкі және бір есегі бар.

Ол кезде егін орылып болған соң, сол жерден масақ теріп күнелту

деген болатын. Шалы болса, малға шөп дайындауға, үйдің отын –

суы дегендей бар. Ал үлкен әйелі есекті мініп алып, масақ теруге

кетеді: күнделікті ішіп – жеуден артылғанын қысқа жинай береді. Бір

7

күндері кіші әйелі үлкеніне (үлкен әйелді ол өлгенше атын атамай,

апа деумен кетті) ішінің бүлкілдейтінін айтты.

- Құдай берейін деген екен! Сырың ішіңде болсын, ешкімге тіс

жармай – ақ қой! – дейді.

Бұл әңгімені қоя тұрып, аң таң болып қалған жас жесірге

ауысайық.

Оның жесір қалған кезі Үлы Отан соғысы басталмай тұрған кез

болатын-ды.

Өткен іс өтіп жатыр. Күйеуі өлсе, оған жас әйелдің жасаған

жұмысы емес, тағдырдың ісі. Тірі жан тірлігін жасайды да. Елде

жалғыз басты бір бойдақ жігіт болатын – ды. Сол тұл отырған жас

аруға сөз салып, сонымен табысады. Бұл бұрыңғы қара мұрттыдай

емес, одан жастау да, дені де сау, қажырлы еді. Кейімеңіз, дап –

дайын егістікке баптап қойған жерге егіс еккендей, жұмыстары

нәтижелі болды. Ұлы Отан соғысы басталамын дегенше, бірінен

кейін бірі дегендей тетелес екі қызалақты болады.

Екеуі де арқа-жарқа.Өткен күн өтті, ұмыт та болды.

Шаңырақтан шыққан түтін түзу. Бір күні Ұлы Отан соғысы басталды

деген хабар халықты дір еткізді.Жаппай ерлерді майданға алды да

кетті. Содан ол сол майданда мерт болды. Тағы қайғы. Әдепкі

қайғыда жалғыз қалса, шүкір, бауырында екі ермегі, сүйеніші бар.

Бірақ көз жылауда. «Көппен көрген ұлы той» - депті ғой бір бейбақ.

Қайдағы той! Амал қанша, жесірлік, жетімдік өмір тағы басталды.

Жалпы халық сияқты күн көру болып жатыр. Ал, жаңағы бір отанда

отырған үшеу ше?

Бұлар да өлмес күнін өткізіп жатыр. Ешкім бұларды күндес деп

айтпайды: апалы-сіңлілі деп, таң қалады. Кенеттен бір күні кішісі:

- Апа, сізге бірдеңе айтуға бата алмай жүрмін! – дейді. – Не,

байғұс-ау?!

- Апа, анада айтып едім ғой, осы шамалы күн болды, сол

қимылдауды қойып қалды, - деді.

- Бірақ, еш жерім ауырмайды, бұнысы несі?! – деді. Қараса,

Солай. Тәжірибелі мұңдастарына айтса: «Бір нәрседен қорықса,

бұғып та қалады», - дейді. Енді аңдысын аңдиды. Сылап-сыйпайды.

Мезгілді уақыты жақындайды. Бір күні бір нәрсе бүлк еткендей

болады. Сол кезде өзі селк ете қалады. Қуанышын ішінде ұстай

алмай, үйде отырған апасына келіп:- Апа! Мына ұстап көріңізші, осы

қимылдай ма деймін! - дейді: - Ұстаса, қимыл бар сияқты. Сол күні

құдайға жалбарынып, ошаққа қазанды асып жіберіп, май құя салып,

құдайы күлшені де балаларға үлестіреді. Балалар жегенге мәз,

бұлар неге мәз екенін тек екеуі ғана біледі. Оңашада үлкені шалына

айтып, оны да қуантып жатыр. Ол кісі мінезі ауырлау, сөйлей

бермейтін кісі еді. Жақсылық хабарға көзі жайнап, түсіне қуаныш рең

пайда болды.

Жағдай жақсаратын болса, бүкіл табиғат та жадырайды емес

пе! Қыстың қары еріп кеткені қашан! Тірі жан түгіл, жер дүниеге жан

8

бітіп, жер көгеріп, күн жылынып, тірі жан тірлігіне кірісіп жатқан кез

еді: Құдай берді де қалды!

- Сүйінші! Сүйінші! Соғыс аяқталды. Жау жеңілді! – деген хабар

бүкіл елден елге жетіп, қуанғаннан көзіне жас алғандар да болды.

Осындай қуаныш үстінде көңілі жабырқау тартушылар да бар: Ұлы

Отан Соғысы кезінде майданда қаза тапқандардың жанұясында

калған жесірлер мен жетімектер еді. Соғыс аяқталды дегенге, жас

жесір қалған әйелдің екі қызы да жүгіріп келіп, апасына: - Апа, біздің

де көкеміз келе ме?! – десі бар ма? Апасы не дерін біле алмай,

түйіліп тұрып қалады. Қыздары жанын қояр емес, - Айтсайшы, апа!

Қашан келеді?! – деп, қуанғанынан секектеп түр. Жас

бүлдіршіндердің көңілін қалдырмайын деп, ой түйіп: - Келеді, - дей

салды сылбырлау үнмен.

Қыздары мұнысы несі деп, өздерінше жауабына түсінбей де,

қанағаттанбай да қалды.Анасының қандай ойда тұрғанын олар

қайдан білсін. Анасы теріс айналып, үйіне кіріп кетіп, ал жыласын

келіп.Әбден үнін шығармастан жылады. Жұрт қуанышта, бұл жылап

2
{"b":"579035","o":1}